• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Республика күні Бүгін, 15:40

1500-ден астам оқушы «Атамекен» әнін орындады

20 рет
көрсетілді

Астанада ауқымды флешмоб өтті. Республика күніне орай Мемлекеттік рәміздер алаңында 1500-ден астам оқушы «Атамекен» әнін шырқады, деп жазады Egemen.kz.

Флешмоб өскелең ұрпақтың бойында азаматтық бірегейлікті, тәуелсіз Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері мен дәстүрлерін құрметтеуді қалыптастыруды көздейді. Орындау барысында қатысушылар Қазақстанның жас буынының бірлігі, достығы мен ашықтығының символы - ашық алақан бейнесін жасап, бес қатарға тұрды.

Айта кетейік, 25 қазанда Қазақстанда Ұлттық мереке Республика күні атап өтіледі. Айтулы мерекеге орай, Астанада 150-ге жуық мәдени-бұқаралық, білім беру, спорттық және әлеуметтік іс-шаралар жоспарланған.