• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 12:43

Жамбыл облысында 5 мың гектардан астам жер мемлекетке қайтарылды

30 рет
көрсетілді

Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетіне қарасты Жамбыл облысының жер ресурстарын басқару департаменті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің біріне қатысты тексеру жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аталған тексеру барысында Меркі ауданында орналасқан жалпы аумағы 5,2 мың гектар жер телімдері нысаналы мақсатқа сай пайдаланылмай отырғаны анықталған.

Жер пайдаланушыға анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілсе де, белгіленген мерзімде талаптар орындалмағандықтан, департамент жер учаскелерін мәжбүрлеп мемлекет меншігіне қайтару туралы талап-арызбен сотқа жүгінді, ал облыстың мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты аталған талапты қаңағаттандырды.

Іс кейін Жамбыл облыстық сотының апелляциялық алқасында қаралып, жауапкердің шағымы қанағаттандырылмай, бірінші сатыдағы сот шешімі өз күшінде қалды.