• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Энергетика Кеше

Ақтау қаласында 1300-ден аса пәтерге жылу беру шектелді

30 рет
көрсетілді

Бүгін Ақтаудың жылу желілерінде ақау анықталып, шектеу шаралары қабылданды, деп хабарлайды Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Каспий жылу, су арнасы» МКК хабарламасына сәйкес 20 қазан күнгі ақпарат бойынша Ақтау қаласының жылу желілеріндегі 6 нүктеде ақау тіркелді.

Олар:

1. 7 ш/а № 9 орта мектеп маңы (№ 9 орта мектепке жылу беру шектелген, тұрғын үй жоқ)​; 

2. 30 ш/а № 167 үй маңы (№ 19 ш/а Өрлеу ТҮК, барлығы — 168 пәтер); 

3. 23 ш/а, ҰБ ғимарат маңы (Антикор, ИВС, № 100 үй, барлығы — 35 пәтер, 101, 100а ғимарат, Қазына, Хан тәңірі, Батыс, СПР); 

4. 34 ш/а № 2 үй маңы (№ 2 үй, барлығы — 364 пәтер); ​​ 

5. 19А ш/а № 16 үй маңы жылу желісін қазу (№ 16,17 үйлер, барлығы — 216 пәтер); 

6. 17 ш/а «Таным» ТҮК маңы (№ 24, 24А үйлер, барлығы — 172 пәтер); 

7. Шығыс-1 ш/а, № 292/2 учаске (№ 359, 361, 379, 380 үйлер, барлығы — 414 пәтер); 

Қала әкімдігінің мәліметінше, Ақтау қаласына орталық жылу желісі арқылы жылу беруде шектеу жоқ.

— Тізімде көрсетілмеген тұрғын үйлерде мәселе болса, қызмет көсетуші мекеме (КСК, ОСИ) арқылы анықтау қажет. Ал анықтау мүмкін болмаса, коммуналдық мамандардан құралған жедел штабқа жүгінуге болады, — делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, ведомство CALL орталық нөмірлерін де ұсынды: 87058162637 — күндізгі ауысымдағы маман; 87756334750 — түнгі ауысымдағы маман.