Петропавлдың «Заречный» шағын ауданындағы аялдаманың сыртынан жуырда жас әйелдің мәйіті табылды. Бұл оқиға тұрғындар арасында дүрбелең тудырып, түрмеден маньяк шыққан екен, бұл соның ісі деген дақпырт шығып кетті деп хабарлайды Egemen.kz.
Осыған байланысты ПД баспасөз қызметі мәлімдеме жасап, ешқандай маньяктың жуық арада түрмеден шықпағанын жариялады. Ал өлген әйелдің ісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатқаны айтылды.
Қылмысты атқару жүйесі департаментінің мәлімдемесіне қарағанда Петропавлда жазасын өтеп жатқан тағылық қылмыс жасағандар жақын уақыт аралығында бостандыққа шықпай, жазасын өтеуде екен. Соның ішінде әйелдерді зорлап, жас балаларды өлтірген бірнеше жауыздың аты аталды.
ПЕТРОПАВЛ