Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманды Астана әуежайынан күтіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ертең президенттер келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Әзербайжан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысын өткізеді.