• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Шаруашылық Бүгін, 15:13

Елде жалпы 26,3 млн тонна астық жиналды

30 рет
көрсетілді

Агротехникалық талаптарға сәйкес мерзімде өтіп жатқан егін жинау науқанының аяқталуына аз уақыт қалды, деп жазады Egemen.kz.

Болжамды жинау алаңы 16 млн гектарды құрайтын дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың 15,7 млн гектары немесе жалпы егіс алқаптарының 97,9%-ы жиналған. Нәтижесінде 26,3 млн тонна астық бастырылған.

Одан бөлек, 3 млн тонна майлы дақыл, гектарына 225,3 центнер өнімділікпен 2,9 млн тонна картоп және гектарына 305,1 центнер өнімділікпен 3,9 млн тонна көкөніс жиналған.

Атап айтқанда, 331,7 ц/га өнімділікпен 492,4 мың тонна қырыққабат, 430 ц/га өнімділікпен 1047,7 мың тонна пияз, сондай-ақ 296,4 ц/га өнімділікпен 380,7 мың тонна сәбіз жиналды.