• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ғылым Кеше

Жүрек ауруын анықтайды

60 рет
көрсетілді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универси­тетінің ғалымдары жа­сан­ды интеллект кө­мегімен жұмыс істейтін жүрек-қан тамырлары ауруының қаупін ерте анықтайтын «Zhurek AI» платформасын әзірледі.

Платформа адамның жүрек-қан тамырлары жүйесіндегі ауытқуларды дер кезінде анық­тап, қауіп деңгейін автоматты түрде бағалайды. Ғалымдардың бұл әзірлемесі медицина қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетеді.

Платформаны қолдану үшін PDF форматындағы қан талдауының нәтижесін жүктеу қажет. Мұнымен қоса  арнайы сауалнамадан өтеді. Кейін жүйе барлық ақпаратты жылдам өңдеп, қауіптің бар-жоғын анықтап береді. Ал адам өміріне қауіп болса, науқасқа бірден дәрігерге жүгінуді ұсынады.

«Аталған жобаның бас­ты артықшылығы – жыл­дам­дығында. Екіншіден – дәл­дік. «Zhurek AI» мыңдаған нақты медициналық дерекке сүйеніп оқытылған, сондықтан кейде дәрігерлер байқамай қалатын жасырын ауытқуларды да көре алады. Бұл ерте диагностика үшін өте маңызды. Платформа жұмысы күрделі алгоритмнен тұрады. Оның ішінде терең нейрондық желілер (DNNs) және үлкен маржалы опорлық векторлар әдісі (Large-margin SVMs) тұр, олар диагностиканың және қауіптерді жіктеудің жоғары дәлдігін қамтамасыз етеді», дейді Жасанды интеллект және интернет заттар зертханасы­ның ғылыми қызметкері Әсия Балтабаева.

Жобаны Ғылым және жоға­ры білім министрлігі қар­жыландырған. Зерттеуші-ғалымдар платформа жөнінде ғылыми журналдарда мақала жариялап, түрлі конкурсқа қатысқан.

Инновациялық платформаны әзірлеуде ҚазҰУ-дың 15 ғалымы бірлесіп жұмыс істеді. Болашақта мамандар платформаны сәтті іске қосып, коммерцияландыруды жос­парлап отыр.

 

АЛМАТЫ