• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары Бүгін, 08:15

Қаныштың түйсігі

30 рет
көрсетілді

Ғалымдар «Ер Төстікті» ғұн дәуірінен келе жатқан ертегіге жатқызады. Себебі онда ежелгі түркі мифология­сына тән ұғымдар мол сақталған. Ал Шойынқұлақ, Мыстан кемпір, Кенжекей сынды кейіпкер есімдері – бабаларымыздың ертеден кен игеріп, темір илегенінің мысалы.

Ертегідегі оқиға Сорқұдық деген жерде өтеді. Бұл – Жезқазғанның солтүстігіндегі мекен. Археологтер бұл маңнан қадым заманғы ұсталардың құралдарын тапқан. Ал геолог Қаныш Сәтбаевтың халық ауыз әдебиетін жетік білгені мәлім. Оның қойын дәптерінде мынандай жазу бар: «Мыңшұңқыр. Демек бұл жерде байырғы кен қазба орындары болған. Анықтау керек. Қаратас. Халық ұғы­мында былай деп темірді емеурін етеді. Жез­қазған. Демек жез өндірілген жер деген сөз». Расында да, ғалымның түйсігі алдамапты.