• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 18:00

Полицейлер 45 млн теңгені иемденген күдіктіні ұстады

20 рет
көрсетілді

Polisia.kz-тің хабарлауынша, тергеу деректеріне сәйкес 34 жастағы Орал қаласы тұрғыны 45 миллион теңгені Бөрлі ауданы тұрғынынан алдап алған, деп жазады Egemen.kz.

Күдікті жәбірленушіні «табысты арттырамын» деген желеумен ұзақ уақыт бойы алдап келген, нақты айтқанда, аталған сомадағы қаражат 2023 жылдың шілдесінен осы жылғы қазан айына дейін берілген.

Күдікті әйелдің осыған ұқсас қылмыстар үшін бұған дейін де жауапкершілікке тартылғаны анықталып отыр.

Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, қылмыстық іс қозғалды, барлық мән-жай анықталып жатыр.