• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 13:17

Түркістанда тігілген сәукеле рекордтар кітабына енді

30 рет
көрсетілді

Түркістанда тігілген ең үлкен сәукеле Қазақстанның рекордтар кітабына енгізілді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

«Сәукелеміздің биіктігі көкпен таласып, шыңмен тіресіп тұрсын дедік. Сондықтан оны 5 метр 20 сантиметр етіп жасадық. Ал, ою-өрнегін терең мағынамен көмкеруді жөн көріп, сәукеленің кейпінен Жер ананың бейнесін жасадық. Бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербеткен Ана – өмірдің мәңгілігін, тіршіліктің түп-тамырын білдіреді. Сол себепті оюын өмір ағашы бейнесінде өрнектедік», деді жоба авторы Ақмарал Дауылбаева.

Бірегей экспонат 30-дан астам түркі халықтарының ою-өрнектерімен безендірілген. Әйелдерге арналған ұлттық бас киімнің биіктігі 5 метрден асса, жабуы 600 метр. Сонымен қатар, сәукеле халықаралық «Global Book of Records» рекордтар кітабына еніп, арнайы сертификат табысталды.

Қазақстанның рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов Түркістанға арнайы келіп, сәукеленің рекордтық мәртебесін ресми түрде жариялады. Ол әлемде мұндай үлкен бас киімді ешкім жасамағанын, жобаны Гиннестің үшінші әлемдік рекордтар кітабына енгізу үшін тіркеу басталғандығын мәлім етті.