• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент Кеше

Мемлекет басшысы Мейіржан Юсуповты қабылдады

40 рет
көрсетілді

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсупов Президентке компанияның биылғы тоғыз айда атқарған қызметінің нәтижелерін баяндады, деп жазады Egemen.kz.

Мейіржан Юсупов әлемдік уран нарығындағы қазіргі жағдай, атом энергетикасын дамыту үрдістері мен бағыттары, сондай-ақ компанияның жаһандық атом индустриясындағы Қазақстанның позициясын одан әрі нығайту жоспарлары туралы мәлімет берді.

Сондай-ақ ол жасанды интеллект технологиясының қарқынды дамуына және дата-орталықтардың энергия тұтыну көлемі артуына байланысты уранға сұраныс тұрақты түрде өсуі мүмкін екенін айтты.

Бұған қоса, жаңа атом реакторларын жеделдетіп салу әсерінен әлемдік нарықта 2030 жылдан кейін уран тапшылығы сезілуі ықтимал. «Қазатомөнеркәсіп» геологиялық барлау және еліміздің минералдық-шикізат базасын ұлғайту жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп жатқанын баяндады. Бұл Жолдауда белгіленген міндеттерді жүзеге асыру аясында атқарылуда. Атап айтқанда, биыл екі жаңа учаскеде жұмыс басталған. Жалпы ауданы мың шаршы шақырымнан асатын алты учаскеде геологиялық барлау жүргізіліп жатыр.

Компания сирек кездесетін металдарды өндіру, ғылыми-зерттеу қызметін жандандыру, жасанды интеллект технологиясын енгізу бағыттарын дамытуды жоспарлап отыр. 2025 жылы қыркүйек айында «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының нарықтағы капитализациясы ең жоғары тарихи межеге жетіп, 14 миллиард доллардан асты. Компания акцияларының құны IPO-ға шыққалы бері 4,5 еседен аса өсті.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мейіржан Юсуповқа ресурс базасын одан әрі дамытуға, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ компанияның әлеуметтік маңызы бар бастамаларға белсенді атсалысуына қатысты бірқатар тапсырма берді.