• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 12:01

Астанада медицина қызметкерлерінің еңбекақысы уақытылы төленбеген

30 рет
көрсетілді

Астана қаласы Алматы ауданының прокуратурасы денсаулық сақтау ұйымдарындағы тексеріс барысында медицина қызметкерлерінің еңбекақысы мен әлеуметтік төлемдері уақытылы берілмегенін анықтады. Нәтижесінде 90 миллион теңгеден асатын берешек өтеліп, ақ халаттылардың құқықтары қорғалған, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Медицина қызметкерлеріне жалпы сомасы 90 млн теңгеден асатын міндетті зейнетақы және әлеуметтік аударымдар, сондай-ақ 15 млн теңгеден астам ынталандыру сыйақылары төленбегені анықталды», деп хабарлады қалалық прокуратураның баспасөз қызметі,

Прокуратура араласқаннан кейін берешек толық көлемде өтеліп, ақ халатты абзал жандардың еңбегі лайықты бағасын тапқан. Сонымен қатар, заңбұзушылыққа жол берген лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.