• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Жоба Бүгін, 08:55

Сеулде «Alatau City» жобасы таныстырылды

20 рет
көрсетілді

Оңтүстік Корея астанасы Сеулде «Alatau Rise With Kazakhstan Forum» өтіп жатыр. Форумның ашылуына Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев қатысып, роуд-шоуда әлеуетті инвесторлар мен серіктестерге жаңа «Alatau City» жобасын таныстырды.

Қазақстан тарапынан форумға «Alatau City» дамыту кеңесінің мүшелері – «Caspian Group» төрағасы Юрий Цхай және жобаның инвестициялық серіктесі «Alatau City Bank»-тің жалғыз акционері Вячеслав Ким қатысты.

«Alatau City» негізгі көлік дәліздерінің торабында орналас­қан, жалпы ауданы 88 мың гектарды құрайды. Қаланың бүкіл аумағы Арнайы экономикалық аймақ­тың құрамына енгізілген. Мұнда корпоративтік табыс салығынан, жер және мүлік салығынан босату, сондай-ақ Алатау қаласы аумағын­да сатылатын тауарларға нөлдік мөлшерлемесімен қосымша құн салығын қолдану сияқты жеңілдіктер қарастырылған.

Қыркүйек айында Пре­зиденттің арнайы Жар­лығы­мен Алатау қаласына даму қарқыны озық қала деген арнаулы мәртебе берілді. Премьер-министрдің төрағалығымен құрылған Алатау қаласын дамыту кеңесі стратегиялық шешімдер қабылдайтын негізгі орган болып саналады. Осылайша, қала Үкіметтің тікелей қарамағында болады.

«Alatau City» болашақта тех­ноло­гиялық компаниялар мен экспортқа бағытталған өндірістердің орталығына айналмақ. Қала қалалық әуе мобиль­дігі мен сутек экономикасы сияқты мақсатты салалар бойынша ынталандыру бағдарламаларын ұсынуға да­йын, бұл бағыттарда Қазақстан мен Корея тығыз әріптестік орната алады.

Форумда сөйлеген сөзінде Қанат Бозымбаев электроника, жаңар­тылатын энергия, медицина, білім және қалалық сервистерді цифрландыру салаларында корей компанияларымен әріптестікті дамытудың үлкен әлеуеті бар екенін атап өтті.

«Бүгінде Кореяның 890-нан астам компаниясы Қазақстан­ның барлық өңірлерінде энерге­тика, құрылыс, қаржы, денсаулық сақтау, автокөлік және жо­ғары технологиялар салаларында табысты жұмыс істеуде. Біз бір­лескен жобаларды кеңейтуге, Корея­ның өнеркәсіптік және энергети­калық компанияларын тартуға мүд­деліміз. Өзара тиімді ынтымақтастыққа ашықпыз және сіздерді ұлттық «Alatau City» жобасына қатысуға шақырамыз», деді Қанат Бозымбаев.

Roadshow аясында Қазақстан мен Корея Республикасы­ның мемле­кет­тік және іскер құ­ры­­лымдары ара­сында өзара түсі­ністік туралы бірқа­тар мемо­ран­думға қол қойылды. Мемо­рандумдарға келесі тараптар: ҚР Энергетика министрлігі мен GGGI (Global Green Growth Institute); ҚР Көлік министрлігі, Korea Airports Corporation (KAC) және AAAG; Алматы облысының әкімдігі мен «RETD» компаниясы қол қойды.

Сонымен қатар Ғылым және жоғары білім министрлігі, Кореяның ғылым және технологиялар институты (KAIST) және «Alatau City Bank» арасында Қазақстанда жаңа университет құру және дамыту саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.