«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамытуға арналған кешенді бағдарлама іске асырылып жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Оқыту LMS цифрлық платформасы арқылы онлайн өткізіледі. Оқу-ағарту министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ең белсенді қатысушылар қатарында Астана, Шымкент қаласы және Алматы және Түркістан облысы көш бастап тұрғанын мәлімдеді.
Курс бағдарламасы базалық деңгейдегі бастауыш сынып, қазақ, орыс және ағылшын тілдері, математика, информатика, физика, химия, биология, география және тарих сынды 11 пәнді қамтиды.
Платфордама пәндік оқу материалдары мен мұғалімдер үшін қиындық тудыратын тақырыптарды айқындауға арналған диагностикалық тестілер ұсынылған.
Айта кетейік, былтыр «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 35 мектептен 2 мыңнан астам педагог біліктілікті арттыру курстарынан өткен.