12 қазанда өткен Абай облысына қарасты Семей қаласының әкімін сайлау қорытындылары жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сайлау қорытындысы бойынша Әділет Қожанбаев 77,1% дауыс жинап, жеңіске жетті.
Оның қарсыластары Қаныш Төлеуов 10,8%, Айболат Бекжасаров 8,4% дауыс жинаса, 3,7% адам барлығына қарсы дауыс берген.
Еске салайық, Семей тұрғындары қала басшысын тікелей дауыс беру арқылы таңдады.