• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент Бүгін, 12:21

Тоқаев: Парламентті реформалау – тек қана Сенатты тарату деген сөз емес

20 рет
көрсетілді

Бүгін Президент Қ.Тоқаев  Парламенттік реформа жөніндегі Жұмыс тобының бірінші отырысында сөз сөйледі, деп жазады Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы өз сөзінде Парламентті реформалау Сенатты тарату деген сөз емес екенін баса айтып, өкілді билік тармағын түбегейлі жаңғырту керек екенін атап өтті. 

«Екіншіден, парламенттік реформа «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» саяси формуласына толық сай келеді. Жаңа да атап өттім, бұл – мемлекетіміздің құрылымын айқындайтын басты тұжырым. Түптеп келгенде, парламенттік реформа және осыған дейін жүзеге асырылған реформалар біздің аймақта бұрын-соңды болмаған, шын мәнінде, жаңа басқару жүйесінің негізін қалайды. Сондай-ақ тағы бір маңызды мәселеге назар аударғым келеді: Парламентті реформалау бұл – Сенатты тарату деген сөз емес. Мұндай қате пікірге жол беруге болмайды. Біздің алдымызда тұрған мақсат – айқын. Біз өкілді билік тармағын түбегейлі жаңғыртуымыз керек. Осылайша, азаматтарымыздың мүдделері мен тілек-ниетін білдіретін заң шығарушы орган мүлде жаңа сипатқа ие болады», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.