• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент Бүгін, 17:28

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты дипломатиялық жеңіске жетуімен құттықтады

30 рет
көрсетілді

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлап отыр, деп жазады Egemen.kz.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трампты Газа секторындағы көптен күткен бейбітшілікті орнатуда елеулі дипломатиялық жеңіске жетуімен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті саяси ерік-жігерінің мықтылығын және халықтар арасындағы бейбітшілік пен келісім орнатуға шынайы ұмтылысын толық таныта білді деп санайды», делінген хабарламада.