• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 09:53

Көкпардан Қазақстан чемпиондары анықталды

30 рет
көрсетілді

Шымкентте көкпардан ересектер арасындағы XXIV Қазақстан біріншілігі мәресіне жетті. 15 команда қатысқан бәсекеде Жамбыл облысының құрамасы үздік шықты, деп жазады Egemen.kz.

Еліміздің түкпір-түпірінен жиналған 180 көкпаршы командаларға топтасып, 4 топқа бөлініп сынға түсті. 

Әр топтан үздік шыққан командалар жартылай кезеңге жолдама алып, үздік шыққандар финалда бақ сынады. Жеті күнге жалғасқан бәсекенің финалында Жамбыл облысының «Әулиеата» командасы мен Шымкент қаласының құрамасы кездесті. Тартысты сайыста «Әулиеата» командасы өз рекордын жаңартып, Қазақстанның 15 дүркін чемпионы атанды. Сәйкесінше күміс жүлде шымкенттік көкпаршылардың қанжығасына бұйырса, үздік үштікті Астана қаласының көкпар командасы түйіндеді. 

Елордалық құрама үшінші орын үшін болған кездесуде қызылордалық көкпаршыларды 3: 2 есебімен жеңді.