• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Төтенше жағдай Бүгін, 14:03

Ақмола облысында 45 жастағы балықшы суға батып көз жұмды

10 рет
көрсетілді

Ақмола облысында 45 жастағы ер адам суға түсіп кетіп, қатты тоңудың салдарынан қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдай Қайранкөл көлінде тіркелген. Ер адам моторлы қайықпен балық аулауға шыққан, бірақ белгісіз себептермен суға құлап, өздігінен жағаға жете алмаған.

Оқиға туралы хабар түскеннен кейін ТЖМ-нің жедел-құтқару жасағы дереу оқиға орнына жетіп, ер адамды судан алып шыққан.

«Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді, кейін дәрігерлерге тапсырылды. Алайда, өкінішке қарай, ер адам қатты тоңудың салдарынан көз жұмды», – делінген ТЖД хабарламасында.

ТЖМ мамандары қолайсыз ауа райы жағдайында су айдындарына шығу қауіпті екенін ескертеді.

Қауіпсіздік мақсатында:

қайықтың техникалық жағдайын алдын ала тексеру; міндетті түрде құтқару кеудешесін кию; байланыс құралын өзімен бірге алып жүру қажет.