• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Заң Бүгін, 15:40

Түркістан облысында 190 жер учаскесі заңсыз берілген

10 рет
көрсетілді

Түркістанда жер заңнамасының сақталуы бойынша алқа мәжілісі өтті, деп хабарлайды облыс прокуратурасының баспасөз қызметі.

Түркістан облысының прокуроры Мұрат Тлеубердиевтің төрағалығымен алқа мәжілісінде жер заңнамасының сақталуы жөніндегі мәселе қаралды. Мәжілісте тексеру барысында анықталған заңсыздықтар мен кемшіліктердің себеп салдары талқыланып, жергілікті әкімдер тарапынан жіберілген заң бұзушылықтарға назар аударылды.

— Соңғы 3 жыл ішінде (2023-2025 жж.) облыс көлемінде жергілікті атқарушы органдармен 6 мың гектардан астам (құны 1,8 млрд теңге) 190 жер учаскелері заңсыз табысталғаны анықталды. Бұл ретте, әкімдер жер заңнамасында көзделген конкурс талаптарын айналып өтіп, бау-бақша шаруашылығын жүргізу, жеке қосалқы шаруашылық және қосымша жер табыстау жолымен мемлекет жерлерін заңсыз иеліктен шығарғаны белгілі болды. Онымен қоса, 400 гектар жердің (150 жер учаскесі) нысаналы мақсаты заңсыз кәсіпкерлікке өзгертілген. Бірде бір жағдайда сәулет және қала құрылысы құжаттамаларының талаптары сақталмаған, — делінген хабарламада.

Отырыста, заңсыз құрылыстар, жеке тұрғын үй кезектілігі, жерлерді ұтымды пайдалану мәселелері де талқыланды.

Мәжіліс қорытындысымен осы салаға жауапты мемлекеттік органдарға тиісті хаттамалық тапсырмалар беріліп, заң бұзушылықтарға жол берген лауазым иелерінің жауапкершілігін қарау жөнінде ескертілді.