• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Алматы Кеше

Алматы әкімі қаланың технологиялық және IT алаңдарының жұмысымен танысты

20 рет
көрсетілді

Президенттің цифрландыру мен жасанды интеллектті дамыту жөніндегі тапсырмасын іске асыру барысында Алматыда экологиялық өндіріс пен цифрлық технология дамып келеді, деп жазады Egemen.kz.

Қазіргі кезде қалада жасанды интеллект пен «жасыл» экономиканы дамыту бағытындағы іс-шаралар қолға алынған. Қала әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары аясында шаһардың ірі кәсіпорындарының бірі «Caspian Beverage Holding» акционерлік қоғамының жұмысымен танысып, MOST IT Hub Almaty инновациялық алаңына барды.

Caspian Beverage Holding зауыты 1964 жылы ашылған. Қала басшысы өндірістік үдерістер мен кәсіпорынның экологиялық бастамаларымен танысты. Қазіргі кезде компания тәулігіне 500 мыңға дейін сусын бөтелкесін шығарады. Зауытта 500 адам жұмыс істейді. Компанияның жыл сайын төлейтін салығы шамамен 2 млрд теңге. Кәсіпорын орнықты даму технологиясын белсенді түрде енгізіп келеді. Соның бірі ауаға тарайтын зиянды шығарындыларды едәуір азайтуға мүмкіндік беретін көмірқышқыл газын қайта өңдеу тұйық циклі. Қала басшысы атап өткендей, экологиялық жауапкершілігі жоғары мұндай өндірістер қаланың экономикалық дамуына және табиғатты аялауға негізделген «жасыл экономиканың» өркендеуіне елеулі үлес қосады.

MOST IT Hub Almaty – стартаптар мен технологиялық кәсіпкерлікті дамытуға арналған заманауи инновациялық орталық. Хабта инновациялық және ғылыми жобаларды жүзеге асыруға бағытталған 80-нен астам IT-компания шоғырланған. Мұнда акселерациялық және білім беру бағдарламалары, венчурлық бастамалар мен жасанды интеллект зертханалары жұмыс істейді.

Кездесуде қала басшысы IT-саланы және жасанды интеллект технологияларын дамыту – Президент айқындаған негізгі басымдықтардың бірі екенін атап өтіп, «Мемлекет басшысының цифрландыру мен жасанды интеллектті дамыту жөніндегі тапсырмалары аясында ең бастысы, стартаптарды ғана емес, өмір сапасын жақсартатын, Алматыны ақылды, ыңғайлы әрі қауіпсіз қалаға айналдыратын нақты шешімдерді енгізу. Біз қала мен тұрғындарға пайда әкелетін IT-жобаларды қолдауға дайынбыз» деді. Өнеркәсіп пен IT-сектор тұрақты дамудың негізгі қозғаушы күші. Жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етіп, инвестиция тартып, мегаполистің технологиялық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

АЛМАТЫ