• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 12:15

Карғыба өзені бөгетін реконструкциялау жобасы қолға алынды

60 рет
көрсетілді

Бөгет – Абай облысына қарасты Ақсуат ауданы аумағында. 2021 жылы жобаны әзірлеу кезінде олқылықтарға байланысты тоқтатылған реконструкциялау жұмысын Су ведомствосы қайта бастады, деп жазады Egemen.kz.

Жобалау-сметалық құжат 2023 жылы қайта қаралып, түзетулер енгізу басталған. Қазір жүріп жатқан құрылыс-монтаж жұмыстары жоспарға сәйкес 2026 жылдың сәуір айында аяқталады.

Сала министрлігінің мәліметінше бүгінде үш су қақпағы мен бұрандалы көтергіштер алынып, қайта орнатылған. Бөгеттің су таситын бөлігінде арматуралық торлар толық орнатылып, бетон құю жұмыстарының 90 пайызы аяқталған. Сонымен қатар өзеннің жоғарғы бөлігі лай мен тұнбадан тазартылып, қосалқы бөгет тұрғызылып жатыр. «Қазақстан» магистральды каналының су алу нысанында да жөндеу жұмыстары қатар жүргізіліп жатыр.

Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайхановтың айтуынша жобаның мақсаты – «Жаңа-Тоған» каналына суды тиімдірек жеткізу, өзен түбіндегі лай мен шөгіндінің суға араласпауын қамтамасыз ету және балықтардың қырылуының алдын алу.

«Ал магистральды канал мен ондағы құрылыстарды жөндеу судың дұрыс бөлінуіне, ысыраптың азаюына және суды үнемдеп пайдалануға мүмкіндік береді», деді Е.Ибрайханов.