• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Көрме Бүгін, 07:50

Аналарға тағзым

20 рет
көрсетілді

Елордадағы Ұлттық музейде Алматы облыстық «Анаға құрмет» музей ұжымының ұйымдастыруымен тағылымы терең көрме ашылды.

«Анаға құрмет» музейінің мең­герушісі Гүлнар Әбіш: «Ел ішінде «Ана – өмірдің бастауы, анаға құрмет – елге құрмет», деген түсінік бар. Бұл сөздің мәні терең. Астаналық ағайындарға ұсынылған «Аналар аманаты» көрмесі де осыны көздейді. Біз бұл мәдени шара арқылы жас ұрпаққа ұлттық тәрбиені сіңіріп, ананың ұлы мис­­сиясын дәріптеуді мақсат етіп отырмыз» деді.

Кіндік қала көрермен­дері көрме экспозициясында қойылған қазақ аналарына қатысты ұлттық бояуы қанық киімдер, қолөнер бұйымдары, әз әжелер қолданған тұрмыстық заттар, фотосуреттер мен құн­ды құжаттар, сондай-ақ атақты ел ана­ла­рына арналған жәдігерлерді тамашалады.