• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қаржы 09 Тамыз, 2025

Жастар қаржылық кеңесті әлеуметтік желіден алады

0 рет
көрсетілді

Yahoo Finance зерттеуіне сай, 20-30 жас аралығындағы жастардың 34 пайызы ақшаға қатысты шешім қабылдағанда TikTok пен YouTube-тегі кеңестерге сүйенеді. Яғни, әр үшінші жас өз қаржысын блогердің сөзіне қарап басқарады деген сөз.

Бүгінде TikTok билеп, әзіл айтатын платформа ғана емес. Ол «инвестиция жаса», «криптодан байы», «пассив табыс тап» деген жарқын уәделерге толы алаңға айналды. Бірақ сол кеңестердің көбі эмоция мен иллюзияға құрылған.

Психологияда мұндай құбылыс «digital herd effect» деп аталады. Яғни, «көп не істесе, соны істеу». TikTok алгоритмі де соны пайдаланады: эмоция көп, реакция жоғары болған роликті көбірек көрсетеді. Ал «екі айда миллион таптым» деген видеоның астарында нақты есеп пен логика сирек кездеседі.

Қаржы сарапшыларының айтуынша, бұл тенденция қауіпті. Өйткені TikTok пен YouTube инфлюенсерлерінің көпшілігі лицензиясыз, кәсіби экономикалық білімі жоқ адамдар.

«Олардың басты табысы – сізге сілтеме жіберіп, трейдинг платформасын жарнамалау. Ал ақшасын жоғалтатын сол кеңеске сенген қарапайым көрермен», дейді зерттеуші мамандар.