Ақсу қалалық әкімдігі ғимаратының жанында ер адамды екі мәрте көлік қағып кетті. Салдарынан жәбірленуші алған жарақаттарынан қайтыс болған. Ал кінәлілердің бірі оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Полицейлер жүргізуші ер адамды жаяу жүргіншілер өткелінде ВАЗ-21213 көлігімен қағып кеткенін хабарлады. Алайда бұл жағдайдан кейін, жәбірленушіні тағы да бір көлік қағып кеткен.
«Одан кейін екінші көліктің жүргізушісі ВАЗ-21070 жаяу жүргіншіні басып өтіп, оқиға орнынан бой тасалаған. Полицейлер жүргізушілерді анықтап, оларды ұстап, полиция бөлімшесіне жеткізді», деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінен.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.