• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Өнер Бүгін, 07:57

Халықаралық байқауда топ жарды

10 рет
көрсетілді

Ән өнерінің жарық жұлдызы Бибігүл Төлегенова әр екі жыл сайын өз атында өтіп келе жатқан Халықаралық вокалистер байқауы – жеке атын шығаратын жарыс емес, отандық опера өнерінің ортақ игілігі екенін айтудан танбай келеді.

Әзірге бұл байқау Ор­талық Азиядағы классикалық өнер­дегі жалғыз жоба болған­дықтан, Қазақстандағы конкурс алыс та жақын елдердің кәсіби опера мен концерттік камералық әншілерін жинап жүр. Әдеттегідей, биылғы байқау да жоғары деңгейде өтті. Классикалық өнердің қар­лығаштары қанат қақты.

Бибігүл Төлегенованың ХІІІ Халықаралық вокалистер байқауында биылғы бас жүлде Ресейге кетті. Бұрнағы жылы Гран-приді бакулік Махир Тагизаде әкеткен еді.

Беделі биік Халықаралық вокалистер конкурсының же­ңім­паздары Жамбыл атын­дағы Қазақ мемлекеттік филармо-ниясында марапатталды.

Опера өнерінің жеңімпазы атану үшін Қазақстан, Ар­мения, Ресей, Өзбекстан, Қыр­ғызстан, Моңғолия, Италия, Украинадан орындаушылар талант жарыс­тырды. Ақтық сынға өткен 17 әншінің өнерін әлемдік опера майталмандарынан құралған халықаралық қазылар алқасы бағалады.

Опера мерекесі іспетті бай­қауда қазылар алқасының төрайымы КСРО мен Қа­зақ­­­­­станның халық әртісі, Со­циалистік Еңбек Ері Бибігүл Ахмет­қызы Тө­леге­нова ұйымдасты­ру­шы­ларға, демеушілер мен барша қа­тысушыларға шынайы алғы­сын білдіріп, же­ңімпаздың атын өзі жариялады. Биылғы бас жүл­дені (Гран-при) Мәс­кеуден келген Софья Сакания иеленді.

Жиырма жастағы әнші Бақытжан Байқадамұлының «Сүйген сәулем» әнін нақы­шына келтіре орындауымен көрер­­­мендер ықыласына бөлен­ді.

«Бәсекенің бәсі жоғары болды. Бибігүл Ахметқызы – аңыз адам. Оны өз көзіммен көрудің өзі – үлкен бақыт. Әлбетте, оған қоса халықаралық байқаулар орасан тәжірибе, оркестрмен жұ­мыс істеу, бұрын білмеген әсерлер үлкен мектептен өт­кен­­­­­дей әсер қалдырды», деді Софья.

Халықаралық опера өне­рінің додасындағы І орынға Әлихан Бейсеков (Алматы), Екатерина Свиридова (Мәскеу) мен Мунхтувшин Хоролгорав (Ұлан-Батыр) лайықты деп танылды.

 

АЛМАТЫ