• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 16:15

Қазақстанда алдағы үш жылда зейнетақы мөлшері өседі

20 рет
көрсетілді

2026-2028 жылдар аралығында Қазақстанда зейнетақы көлемі артады. Бұл туралы республикалық бюджет туралы заң жобасында көрсетілген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне 2026 жылға республикалық бюджеттен 6,8 триллион теңге бөлінбек. Оның 6,7 триллионы зейнетақы мен жәрдемақы төлемдеріне бағытталады.

Құжатқа сәйкес, еліміздегі орташа зейнетақы:

2026 жылы – 103 687 теңге; 2027 жылы – 108 940 теңге; 2028 жылы – 113 995 теңге болады.

Естеріңізге сала кетейік, министрліктің дерегінше, 2025 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша орташа жиынтық зейнетақы 143 097 теңгені құрады. Оның ішінде 95 491 теңге – ынтымақтық, 47 606 теңге – базалық. Ал 1 қыркүйектегі мәліметтерге сәйкес, елімізде 2 миллион 503 мың зейнеткер бар.

2026 жылы орташа базалық зейнетақы мөлшері 54 082 теңгеге жетеді. 2027 жылы ол 58 276 теңгеге дейін өссе, ал 2028 жылы 61 527 теңге болады деп жоспарланған.

2026–2028 жылдар аралығында ең төменгі базалық зейнетақы күнкөріс минимумының 70 пайызына тең болмақ. Ал ең жоғарғысы 2026 жылы – 118 пайызды, 2027 және 2028 жылдары – 120 пайызды құрайды. Қазіргі таңда ең төменгі базалық зейнетақы 32 360 теңге болса, ең жоғарысы – 50 851 теңге.