• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Кеше

ШҚО-да тұрғындарға бейәдеп сөз айтқан ауыл әкіміне қатысты тексеру басталды

20 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында тұрғындарға бейәдеп сөздер айтқан ауыл әкіміне байланысты видео әлеуметтік желіде тарады, деп жазады Egemen.kz.

Әкімдіктің баспасөз қызметі мәліметінше, аталмыш жағдай бойынша ауыл әкімінен ресми түсініктеме талап етіліп, материалдар Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Әдеп жөніндегі кеңесіне жолданған. Онда қызметтік әдеп нормаларының бұзылу фактісі қаралады.

- Мұндай әрекеттерге жол берілмеуі тиіс. Өңір басшылығы тарапынан бейәдеп сөз айту мен әдепсіз мінез-құлыққа қатаң қарсы ұстаным бар, - делінген әкімдік хабарламасында.