Алматы қаласының туризм басқармасының хабарлауынша, Thai AirAsia X әуе компаниясы 2025 жылдың 1 желтоқсанынан бастап Бангкок – Алматы бағытында тікелей әуе қатынасын іске қоспақ, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Бұл қадам Қазақстан мен Таиланд арасындағы туризм алмасуын дамытуға үлкен мүмкіндік береді. Жаңа рейс Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен келетін саяхатшылар үшін Алматыға жолды жеңілдетіп, қаланың Орталық Азиядағы туристік орталық ретіндегі беделін арттырады. Алматыда Thai AirAsia X басшылығымен өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған кездесу өтті», деп хабарлады басқармадан.
Еске салайық, биыл Оңтүстік Кореяның әуекомпаниясы Инчхон мен Алматы арасында жаңа рейс ашты.