Енді Абай облысы Бесқарағай ауданы Бірлік ауылындағы дүкендерде алкогольді ішімдіктер мүлде сатылмайды, деп жазады Egemen.kz.
Ауылдағы 350 тұрғынның барлығы дерлік ішімдік тұтынудан бас тартқан. Ауылдағы маңызды шешім жергілікті әкімдік, учаскелік полиция инспекторы, ақсақалдар кеңесі, белсенді жастар мен кәсіпкерлердің қатысуымен өткен жиында қабылданған.«Біз келешек ұрпаққа таза әрі қауіпсіз орта қалдырғымыз келеді. Ішімдіктен бас тарту – ерлік емес, бұл – саналы таңдау. Бірлік ауылы дәл осы жолды таңдап, өзгелерге үлгі болып отыр», деді ауылдың учаскелік инспекторы Думан Еркінбеков.