• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Медицина 07 Қазан, 2025

Жаңа заңның нәтижесінде медициналық көмектің сапасы артады

60 рет
көрсетілді

Үкіметте Мемлекет басшысының Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін жаңғырту жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы қаралды, деп жазады Egemen.kz. 

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен отырыста медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бағытындағы жұмыстар талқыланды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жаңғырту қолға алынды. Тиісті жұмыс жүріп жатыр. Ол медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді», деді Үкімет басшысы.

Биыл шілде айында қабылданған заң МӘМС жүйесін жетілдіруге бағытталған. Ол медициналық көмектің бірыңғай пакетіне және сақтандыру моделіне кезең-кезеңімен көшуді қамтамасыз етеді. Жаңа заң аясында көрсетілетін қызметтердің сапасы мен көлемі кеңейіп, денсаулық сақтау саласының ұзақмерзімді қаржылық тұрақтылығын нығайту көзделіп отыр.

Соңғы жаңалықтар