Қазақстан қаржы нарығында жаңа құрал – Single-Stock ETF, яғни әлемдік компаниялардың жеке акцияларына арналған бөлшек қорлар іске қосылды. Енді инвесторлар Amazon, Tesla немесе Netflix сияқты компаниялардың акцияларын толық емес, олардың үлестерін сатып ала алады. Мұндай формат инвестицияның кіру шегін төмендетіп, шағын капиталмен де әртараптандырылған портфель қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Қор акция құнының үлестерін шығарады, сондықтан инвестициялауды бірнеше центтен бастауға болады. Мысалы, Tesla акциясының бағасы $329 болса, оның жүзден бірі $3,29 тұрады, ал Freedom Holding Corp. (FRHC) акциясының бағасы $174 болғанда, 1/10 000 үлес небәрі бірнеше центке тең. Құрал Қазақстанда тіркелген, доллармен Astana International Exchange (AIX) биржасында саудаланады және қосымша комиссия қарастырылмаған. Бұл оны ұзақмерзімді инвесторлар мен белсенді трейдерлер үшін қолайлы етеді. Инвестиция мүмкіндіктері туралы толық ақпарат Freedom Broker сайтында қолжетімді.
Бөлшек ETF құралын іске қосудың негізгі әсері – қоры нарығын демократияландыру. Кіру шегінің төмендеуі ірі инвесторларға ғана емес, сондай-ақ бөлшек инвесторларға да әлем көшбасшыларының қағаздарына иелік ету мүмкіндігін ашады. Бұл қаржылық инклюзияны күшейтіп, инвестициялық мәдениетті дамытуға ықпал етеді.
Айрықша мысал – FRHC акцияларындағы 1/10 000 үлес, олардың барынша қолжетімді болуына жол ашты. 2024 жылғы 29 желтоқсаннан 2025 жылғы 29 қыркүйекке дейін соңғы 9 айда Freedom Holding Corp. қағаздары 35%-ға өсті, сол сияқты бөлшек ETF қатарына кіретін AMD (+34%), Netflix (+35%) және Coinbase (+35%) акциялары өсті. Осылайша, шағын инвестиция көлемімен де инвесторлар әлемдік көшбасшылардан портфель құра алады.
Халықаралық тәжірибеде жеке акцияларға бөлшектеп инвестициялау кеңінен қолданылады. Robinhood немесе Interactive Brokers сияқты ірі онлайн-брокерлер мүмкіндікті бұрыннан ұсынады. Олар құбылмалылыққа жұмыс істейтін трейдерлердің де, сондай-ақ портфелді әртараптандыратын инвесторлардың да арасында танымал. ITS платформасы арқылы қазақстандық іске қосу бөлшек инвесторлар үшін акцияларға қолжетімділіктің жаһандық трендіне өңірдегі алғашқы қадам болды. Freedom Broker және ITS ұсынған Single-Stock ETF – инвесторларға жаңа мүмкіндіктер ашып, құралдардың алуан түрін көбейтетін әрі Қазақстанды әлемдік тәжірибелер мен стандарттарға жақындататын өнім.
Алияр АКЫМГАЛИЕВ,
Freedom Finance Global талдаушысы