• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 11:46

Павлодарда жол апатынан жүргізуші қаза тапты

20 рет
көрсетілді

Полиция жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғады. Алдын ала мәлімет бойынша, жеңіл көлік жол жиегіне шығып кетіп, аударылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Шарбақты-Сосновая» автожолында қайғылы жол апаты тіркелді.

- 5 қазан күні «Шарбақты – Сосновая» автожолының бойында, Орловка ауылынан шамамен 3 шақырым қашықтықта Toyota Mark II маркалы автокөліктің жүргізушісі рөлді басқара алмай, жол жиегіне түсіп кеткен. Автокөлік аударылған. Оқиға салдарынан жүргізуші қаза тауып, төрт жолаушы жарақат алды, - деп хабарлады өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметінен. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады. Полиция департаменті жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жылдамдық режимін қатаң сақтауды, көлік құралдарының техникалық жай-күйін бақылауды еске салады.

Павлодар облысы