• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Шаруашылық Бүгін, 11:28

Елімізде бастырылған астық көлемі 20,8 млн тоннаға жетті

20 рет
көрсетілді

Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың болжамды жинау алаңы 16 млн гектардан асады. Бүгінде 13,3 млн гектар немесе жалпы егіс алқаптарының 83%-ы жиналып, 20,8 млн тонна астық бастырылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ел өңірлерінде жалғасып жатқан егін жинау науқаны ұйымдасқан түрде, агротехникалық талаптарға сай мерзімде өтіп жатыр.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше дәнді дақылдардан бөлек, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 1,4 млн тонна майлы дақыл, гектарына 228,2 центнер өнімділікпен 2,5 млн тонна картоп және гектарына 307,2 центнер өнімділікпен 3,5 млн тонна көкөніс жинаған.

Нақты атағанда, 324,1 ц/га өнімділікпен 428,5 мың тонна қырыққабат, 441,0 ц/га өнімділікпен 1000,9 мың тонна пияз, сондай-ақ 287,9 ц/га өнімділікпен 355,2 мың тонна сәбіз жиналып отыр.