• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Тағайындау Бүгін, 11:09

Алматы облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

30 рет
көрсетілді

Алматы облысы әкімінің өкімімен Ғани Айдарұлы Майлыбаев 3 қазаннан бастап аталған лауазымды қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

​Облыс әкімдігінің мәліметінше Ғани Айдарұлы 1987 жылы туған. 2008 жылы Абай атындағы қазақ ұлттық педагогика университетін «қаржы» мамандығы, 2018 жылы Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясын «аймақтық және муниципалды басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған, 2010 жылы Абай атындағы қазақ ұлттық педагогика университетінде «құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.

Еңбек жолын 2008 Алматы қаласы «Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалының есеп және статистика секторының меңгерушісі болып бастаған.

Әр жылдары Алматы қаласы «Нұр Отан» партиясы Алатау аудандық филиалының заңгер-консультанты, Медеу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Алматы қаласы Медеу, Наурызбай аудандары әкімінің орынбасары, Жамбыл облысы туризм басқармасының басшысы лауазымдарын атқарған.

2020 жылдың желтоқсан айынан бастап Алматы қаласы мәдениет басқармасының басшысы лауазымында қызмет етті.