• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 09:16

Еліміздің оңтүстігінде жер сілкінді

20 рет
көрсетілді

ТЖМ «Сейсмологиялық зерттеу институты» ЖШС 6 қазан сағат 01: 29-да Жамбыл, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласында жер сілкінісі тіркелгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай Қырғызстан аумағында болған. 

Жамбыл облысындағы Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылы, , Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы мен Жамбыл ауданы, Аса ауылында, Тараз қаласында 4 балдық жер сілкінісі сезілген. Өңірдегі Талас ауданы, Қаратау қаласы мен Құлан ауылында 3 балдық жер сілкінісі тіркелген.

Түркістан облысындағы Түлкібас ауданы, Тұрар Рысқұлов ауылында - 4 балл,  Төлеби ауданы, Леңгір қаласында,  Манкент ауылы мен Сайрам ауданы, Ақсукент ауылында 3 балдық жер сілкінісі болған. 

Шымкент қаласында 3 балдық жер сілкінісі болғаны анықталып отыр. 

ТЖМ төмендегі аймақтарда да жер сілкінісі тіркелгенін хабарлады: 

Жамбыл облысы, Мерке ауданы, Мерке ауылы-  3 б., Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қазығұрт ауылы -3 б., Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Темірлан ауылы - 3 б., Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Шаян ауылы (Шаян)  - 3 б., Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы - 2 б., Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласы - 2 б.,Түркістан облысы Арыс қаласы - 2 б., Түркістан облысы, Келес ауданы, Абай ауылы - 2 б., Жамбыл облысы Шу қаласы - 2 б., Түркістан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылы - 2 б., Жамбыл облысы Шу ауданы Төле Би - 2 б.,Түркістан облысы, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы - 2 б., Жамбыл облысы, Мойынқұм ауд., Мойынқұм ауылы - 2 б., Түркістан облысы Кентау қаласы -  2 б., Түркістан облысы Түркістан қаласы -  2 б., Жамбыл облысы, Қордай ауд., Қордай ауылы - 2 б.,Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Мырзакент кенті - 2 б., Түркістан облысы, Сауран ауданы, Шорнақ ауылы - 2 б., Түркістан облысы, Жетісай ауданы, Жетісай қаласы - 2 б. Түркістан облысы Шардара ауданы Шардара қаласы - 2 балл. 

Жер сілкінісіне байланысты аймақтарда жедел штаб құрылып, жедел желілер іске қосылған: 

ҚР ТЖМ командалық орталығы - 8 7172-70 - 41 -18

Түркістан облысы ТЖД - 8 7253 - 35 - 78 - 86

Жамбыл облысы ТЖД - 8 7262 - 51 - 35 -75

Шымкент қ. ТЖД - 8 7252 - 95 - 57 - 06.

ТЖМ сағат 04: 30-да вице-министр Батырбек Әбдішевтің төрағалығымен ТЖМ Жедел штабының кеңесі өткенін мәлімдеді. 

ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ филиалының мамандары аса қауіпті учаскелерге тексеру жүргізген. Топырақтың ірі зақымданулары, деформациялары, жарықтары мен шөгулері анықталмаған. Ал иіршілікті қамтамасыз ету объектілері мен аса маңызды инфрақұрылымдар штаттық режимде жұмыс істеп жатыр