• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Экология Кеше

Экологиялық бастама Сырға жетті

20 рет
көрсетілді

«Таза Қазақстан» роуд-эстафетасы Жаңақорған ауданында жалғасты. Апта басында Алматы облысынан басталған экологиялық эстафета Жамбыл облысы, Шымкент қаласы, Түркістан облысы аумағынан өтіп, Қызылорда облысына келіп жетті, деп жазады Egemen.kz.

Эстафета аясындағы тазалық жұмыстарына «Amanat» партиясы жанындағы «Жастар рухы» ЖҚ белсенділері, еріктілер, Жаңақорған ауданындағы ауылдар белсенділері де үлес қосты. Іс-шара аясында «Open Air» форматында жастармен еркін форматта кездесу ұйымдастырылып, онда экосана, еріктілік және болашаққа жауапкершілік сынды маңызды тақырыптар талқыланды.

Алда эстафетаға қатысушылар Жаңақорғаннан Шиелі ауданына «Батыс-Еуропа – Батыс-Қытай» күре жолы бойын тазалай отырып жетеді. Әрі қарай Шиелі ауданынан Қызылорда бағытына қарай жол жиегіне тазалық ұйымдастырады. Эстафета Қызылорда қаласында қорытындыланады.