• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 11:06

Омбы-Майқапшағай трассасында жол апатынан 4 адам көз жұмды

30 рет
көрсетілді

Омбы–Майқапшағай трассасында бірнеше адам көз жұмған жол апаты болды. Бұл туралы Абай облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады. 

3 қазан күні Омбы–Майқапшағай трассасында бірнеше жол-көлік оқиғасы тіркелді. 

Қайғылы жағдайлардың себебі – жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу: қарсы жолаққа шығу және тұтас сызықпен белгіленген жерде бұрылу.

Апат салдарынан төрт адам қаза тапты.

Абай облысының Полиция департаменті барлық жүргізушіге рульге отырған әр сәтте аса мұқият болуды ескертеді.