• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 16:01

ШҚО-да есірткі граффитилері бойынша 8 қылмыстық іс қозғалды

10 рет
көрсетілді

Өскемен қаласында есірткі сататын онлайн-дүкендердің жарнамасы мен «қоймашы болып жұмыс істеу» туралы ұсыныстар жазылған жазулар өшірілді, деп жазады Egemen.kz.

«Есірткі граффитилерін» өшіруге 100-ге жуық адам қатысқан. Тұрғын үй аулаларын аралау барысында 50-ден астам есірткі граффитилері анықталған.

ШҚО прокуратурасы рейдтердің нәтижесінде «Есірткі құралдарын насихаттау немесе заңсыз жарнамалау» бойынша 8 қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. 

Құзырлы орган мұндай жазуларды салу — бейқам әрекет емес, бұл қылмыстық жазаланатын іс-әрекет және ауыр жазаға, тіпті бас бостандығынан айыруға әкелуі мүмкін екенін ескерткен.