• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 15:50

Шымкент түрмесінде 655 адам рақымшылықпен босап шығуы мүмкін

10 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына орай Шымкент түрмелеріндегі 655 адам рақымшылыққа іліне алады. Әзірге соттар 185 адамның арызын қараған, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Мемлекет басшысының ізгілік қағидаты негізінде Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына орай рақымшылық жасау туралы Заңы қолданысқа енгізілді.Осыған сәйкес, Шымкент қаласы бойынша ҚАЖД түзеу мекемелерінде жазасын өтеп жатқан 655 сотталғанға рақымшылық жасау туралы Заң қолданылуға жатады.«Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотымен 185 сотталғанға қатысты ұсыныстар қаралып, олардың ішінде 88 адам жазадан толық босатылып, 97 адамның жаза мерзімі қысқартылды», делінген Бас прокуратура таратқан хабарламада. Рақымшылық — тек заңдық шешім ғана емес, сонымен қатар қоғамның ізгілікке, кешірім мен сенімге негізделген бағытының айқын көрінісі.