• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Жасанды интеллект Бүгін, 14:48

Ғалымдар ЖИ арқылы жалған ақпаратпен күресетін құрал әзірледі

50 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысының жасанды интеллекті дамыту туралы тапсырмасына орай ғалымдар жалған ақпаратпен күрестің жаңа құралы  - «RasInfo» мобильдік цифрлы сауат ашу  ресурсын әзірледі. Жалған ақпаратқа қарсы күреске арналған жасанды интеллект негізіндегі алғашқы бірегей ресурс  «RasInfo» мобильдік қосымшасы қазірден бастап қолданушыларға қолжетімді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің AP19679909 «Қазақстандағы жалған ақпарат пен дезинформация индикаторларын анықтауға арналған цифрлы сауат саласында ақпараттық ресурс әзірлеу» жобасы аясында жасалған әзірлеме  Президенттің еліміздің цифрлық трансформациясы мен жастардың ЖИ-ды сауатты пайдалануы жөніндегі стратегиялық міндеттерімен толық үндеседі.

«Жасанды интеллект, электрондық басқару және ақпаратқа қол жеткізу» жаһандық тақырыбы аясында іске асқан «RasInfo» мобильдік ресурсы жасанды интеллектімен біріктірілген алғашқы қазақстандық медиаөнім. Бұл құрал цифрлық сауат арттыру, жалған ақпаратты тексеру (фактчекинг) құралдарын біріктіреді. Ресурс қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қолжетімді әрі қолданушылар үшін оңтайлы интерфейсте жасалды. Қосымша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде даярланып, қолдануға барынша жеңілдетілген нұсқада әзірленді.

Бұл ресурс медиатехнологиялар мен жасанды интеллект саласындағы стратегиялық бастамаларға бәс тігіп отырған цифрлық дәуірдегі сын-қатерлерге жауап беретін технологиялық қадам мен шығармашылық шешімнен тұрады. 

Жоба жетекшісі профессор Гүлмира Сұлтанбаеваның айтуынша, ғалымдар тобының еңбегі еліміздің ақпараттық қауіпсіздігін нығайтуға және қоғамның сыни ойлау қабілетін дамытуға үлкен үлес қосады. Аталмыш ресурста  әлемдегі ашық деректер қорларына шолу мен сол базалардың сайттарына өту, фактчекинг кейстерін талдау, оқыту модульдары мен AI-Derek  қосымшасы ұсынылды.  Бес модульдан тұратын оқу курсында  фактчекинг негіздері, практикалары,  жалған ақпаратпен күресу әдістері мен құралдары, жасанды интеллект  технологиялары бойынша білімін жетілдіріп, практикалық тапсырмаларды орындай отырып,   сертификат алады. Медиа және ақпараттық сауат, цифрлы құралдар мен технологиялар, жасанды интеллект және алгоритм, киберқауіпсіздік және құпиялылық, цифрлы коммуникация және медиа, Big Data және ашық деректер, виртуалды шынайылық сияқты категорияларлы қамтитын анықтамалық пайдаланушы үшін тиімді құрал.

Жобаға коммуникация профессоры, Мюнхендегі Людвиг Максимилиан университетімедиа және коммуникация кафедрасының жетекшісі Томас Хайнишц сияқты халықаралық деңгейдегі ғалым кеңесші болды. «RasInfo» цифрлы сауат ашу ресурсы  Қазақстандағы цифрлық сауат арттырудағы тиімді құралдардың біріне айналары сөзсіз. 

Азаматтардың фактчекинг сауатын артуына тиімді әдіс ретінде ұсынылған әрбір кейсте  Қазақстандағы жалған ақпараттың орын алуы, мерзімі, дереккөзі, мазмұны, неліктен ол жалған екендігі, тексеру әдістері, кейс нені  үйрететіні, скриншоты, санаты, дезинформация түрі талданған. Бұл кейстер әрібір қолданушыға жалған ақпарат пен дезинформацияны танып, білуде тиімді әдістемелік құрал саналмақ.

Сондай-ақ ресурс қорында Скопус деректер базасында соңғы жылдары жарық көрген жалған ақпарат, дезинформация және верификация жайындағы озық зерттеу жұмыстарына шолу жасалған әрі қолданушыға оқуға не  жүктеп алуға мүмкіндік қарастырылған. 

Алматы