• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Технология Кеше

Қазақстанда 1414 нөміріне ЖИ-ассистент жауап бере бастады

20 рет
көрсетілді

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді цифрландыру қарқынды жалғасуда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Астанада өтіп жатқан Digital Bridge 2025 форумының кулуарында Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрінің міндетін атқарушы Ростислав Коняшкин мәлімдеді.

Вице-министрдің айтуынша, eGov Mobile мобильді қосымшасында жасанды интеллект негізіндегі чат-кеңесші жұмыс істеп тұр. Ол азаматтарға қажетті қызмет түрін анықтауға және оны алу тәртібін түсіндіруге көмектеседі.

Өкінішке қарай, кейде азаматтар дәл осы сәтте қандай қызметті алу керегін нақты білмей жатады. Сондықтан бұл кеңесші ең алдымен іздеу функциясын атқарып, мемлекеттік қызметті қалай рәсімдеуге болатынын түсіндіреді, – деді Коняшкин.

Сонымен қатар ол цифрландырудың тағы бір бағыты – мемлекеттік органдардың ішкі процестерін оңтайландыру деп атады. Бірқатар қызметтерде артық қадамдар, соның ішінде комиссия отырыстары мен қосымша құжат талап ету тәжірибесі алынып тасталмақ.

Бұдан бөлек, 1414 байланыс орталығында пилоттық жоба іске қосылды: әр елуінші қоңырауды жасанды интеллект өңдейді. ЖИ-ассистент азаматтардың сұрақтарына жауап беріп, кеңес береді, сондай-ақ кейбір мемлекеттік қызмет түрлерін де көрсете алады. Алдағы уақытта бұл технологияны кеңінен енгізу арқылы мемлекет пен халық арасындағы өзара әрекеттестіктің сапасы мен қолайлылығын арттыру жоспарланып отыр.