• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 10:15

Ұлытау облысы жылыту маусымына дайын

10 рет
көрсетілді

Ұлытау облысы ауа райының өзгерістерін ескере отырып, жылыту маусымын дер кезінде қолға алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл 1- інші жылу электр орталығында, 2 -інші жылу стансасында, 110 жергілікті жылу көзінде (қазандықтар мен АЖЖ), сондай-ақ ұзындығы 920 шақырымнан астам инженерлік желілерде жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Барлығы 248 әлеуметтік нысан (оның ішінде 140 мектеп, 51 денсаулық сақтау мекемесі) және 1429 тұрғын үй дайындалды.

Жезқазған жылу электр орталығы мен Сәтбаев жылу стансасы жылыту маусымына дайын. ЖЖЭО 6-ншы және 3-інші қазандықта жұмысын бастады.

Магистральдық жылу желілерінде жуып, шаю жұмыстары аяқталып жатыр. Осыған байланысты  ПИК, ММИБ және үй жетекшілерінен тұрғын үйлердің жылу желілерін сапалы жылу беру үшін уақтылы шайып, қысыммен сынау жұмыстарын жүргізуді сұрайды.

Сонымен қатар, халық үшін қажетті көлемде көмір қоры жасақталды. Отын базаларында 4,5 мың тоннадан астам көмір бар.

Өңірді газдандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп жатыр.

Ұлытау облысы әкімдігі жылыту маусымының тұрақты әрі қауіпсіз өтуін бақылауда ұстап отыр.

Ұлытау облысы