Digital Bridge 2025 халықаралық форумы аясында AI SANA Generative Nation байқауының жүлдегерлері мен жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Лауреаттар мектеп жобалары, студент бастамалары, стартаптар және ғылыми әзірлемелер деген төрт аталым бойынша жеңімпаз атанды.