• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Шаруашылық Бүгін, 08:10

Атырауда өсірілген брокколи

110 рет
көрсетілді

Еліміздің батыс ай­ма­ғында брокколи өсірі­летінін естіген жоқ едік. Алайда атыраулық Аза­мат Есмұратов сирек дақылды мұнайлы өңір­де өсіруге болатынын дәлелдеді.

«GreenAgro» шаруа қожа­лығына жетекшілік ететін ол биыл Махамбет ауданындағы Сарайшық ауылынан 17 гектар жерді жалға алыпты. Алдымен маусым айында қызанақ тұқымын екті. Бұдан соң қияр мен құлпынай егуге ден қойды. Ал жергілікті нарық бір килосы 1500–2000 теңгеге бағаланған брокколиді талап етті. 

«Бұрын мұнай-газ өнер­кәсібі саласында жұмыс істедім. Ал биыл кәсібімді ауыл шаруашылығында жалғас­тыруға қадам жасадым. Атырау облысында бұрын брокколи өсірілген жоқ. Сол себепті, осы дақылдан өнім алуды көзде­дім. Әрине, алдымен интернеттен оны егудің технологиясы жөнінде ақпарат жинадым», дейді А.Есмұратов.

Айтуына қарағанда, бақ­ша дақылдарын өсіруге қызы­ғушылығын оятқан әжесі екен. Сирек дақылдың 600-ден астамын ғана еккен.

«Бір түп брокколидің орташа салмағы 300–350 грамды құрады. Бәрін қоса есептегенде 250 кило өнім алдым. Оларды бір-екі күнде сатып жібердім. Алдағы жылдары да осындай сирек көкөністерді өсіруді жалғастыра беремін», дейді ол.

 

Атырау облысы