• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Бүгін, 08:05

Көңіл тоғайтар кеңістік

20 рет
көрсетілді

Қонаев қаласының 55 жылдығына орай мәдени-спорттық іс-шаралар жоғары деңгейде аталып өтті. Жаңа нысандар пайдалануға берілді. Соның бірі әрі бірегейі келушілердің көңі­лін өсіріп, тынысын кеңейтетін сән-салтанаты келісті ­жаңа демалыс орнының қызығын қала жұртшылығы көре бастады. Жасыл желекті алаңқайда серуендеген қалалықтардың қарасы көп. Демалыс аймағы Қойшыманов – Алматы көшелерінің қиылысында орналасқан. Нысанның жалпы аумағы 6 527 шаршы метрді құрайды.

Аймақ толықтай кө­гал­­дан­дырылған, сән­дік ағаш­тар мен көпжылдық өсім­діктер отыр­­ғызылған. Орындықтар, әткен­шектер мен ландшафтық элементтер көңіл тоғайтады. Кеңістік эколо­гиялық, функ­ционалдық және эс­тетикалық талаптарға сай жасақ­талуымен ерекшеленеді.

Мұнда «Өмір ағашы» атты арт-нысан айрықша көз тартады. Ол «Алтын Адам» киім үлгілерінің эле­менттері бей­неленген тас құры­лым тү­рінде орын­далған. Қасында осы бейнелердің тарихи маңызын баяндайтын QR-код орнатылған.

Жаңа алаңқайда жаяу жүр­гінші жолдары, фото­аймақтар, қоршау мен арка­лық құрылымдар қарас­тырылған. Арнайы әзір­ленген тұжырымдамаға сәйкес, бұл кеңістік жай ғана демалыс орны емес, отбасылық серуен мен мәдени демалыстың мекеніне айналары анық.

 

Алматы облысы