• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Кеше

Мбаппе Алматыдағы матчтан кейін «Қайраттың» деңгейін жоғары бағалады

20 рет
көрсетілді

Франция құрамасы мен мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Килиан Мбаппе Алматыда өткен Чемпиондар лигасының ойынында «Қайраттың» қақпасына үш гол соқты. Ірі есеппен жеңілгеніне қарамастан, ол қазақстандық клубтың ойынын жоғары бағалап, турнирге қатысуын бүкіл футбол үшін маңызды деп атады, деп хабарлайды Egemen.kz.

30 қыркүйек күні Алматыда Чемпиондар лигасының екінші турындағы матч өтті. Онда «Қайрат» өз алаңында мадридтік «Реалды» қабылдады. Испандық команданың бас бапкері Хаби Алонсо негізгі құрамды алаңға шығарды, оның қатарында Килиан Мбаппе де болды. Француз шабуылшысы хет-трик жасап, Чемпиондар лигасындағы голдар санын 60-қа жеткізді. Кейін ол алаңнан алмастырылды. Кездесу нәтижесі – Еуропаның ең атақты клубының пайдасына 5:0.

Ойыннан кейін Мбаппе өз әсерімен бөлісіп, «Қайраттың» ойыны мен стадиондағы атмосфераны ерекше атап өтті.

– «Қайрат» – сапалы команда. Чемпиондар лигасында осындай клубтардың болуы жақсы деп ойлаймын. Бұл турнирдің кез келген белгілі бір деңгейге жеткен командаларға ашық екенін көрсетеді. Жанкүйерлердің қолдауы керемет болды. Бұл мен үшін тамаша тәжірибе болды, – деді ол.

Француз шабуылшысы жеке статистикадан гөрі команда жетістігінің маңызды екенін атап өтті.

– Чемпиондар лигасындағы 60 гол – бұл маңызды көрсеткіш. Бірақ алда әлі көптеген ойын бар. Маған көбірек гол соғып, командалық міндеттерді шешуге көмектесу қажет, – деді Мбаппе.

Айта кетейік, Алматыда жасаған хет-тригінің арқасында Мбаппе биылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының бомбардирлер жарысында көш бастап тұр. Ол осыған дейін төрт голы бар мюнхендік «Баварияның» шабуылшысы Харри Кейнді артта қалдырды.