• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам Бүгін, 19:22

Қазақстанда бірқатар азық-түлік бағасы төмендеді – Ұлттық статистика бюросы

20 рет
көрсетілді

2025 жылғы қыркүйекте айлық инфляция деңгейі 1,1% құрады, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.

Азық-түлік тауарларының ішінде басты пияз 15,6%, картоп 10,3%, қызылша 9,5%, қырыққабат 9,3%, сәбіз 9%, жүзім 6,6%, қызанақ 5,9%, лимон 5,3%, алма 4,8% арзандаған. Бағаның қымбаттауы ас содасына - 2,8%, кофеге - 2,6%, апельсиндерге - 2,5%, жарма өнімдеріне - 1,5%, консервіленген жемістерге - 1,2%, дайын дәмдеуіштер мен тұздықтарға - 1,1% болды.

Азық-түлік емес тауарлар арасында биылғы қыркүйекте фотоаппарат бағасы 0,7% төмендесе, керісінше неке сақинасы 4,3%, қол сағаты 2%, цемент 1,4% қымбаттады. Киім-кешек пен аяқ киімге, тұрмыстық құралдарға, жуу және тазалау құралдарына баға деңгейі 1,1%, жеке пайдалануға арналған тауарларға 0,9%-ға өсті.

Әуе жолаушылар көлігі қызметтері 4,2%, шипажайлар 1% арзандады. Бұл ретте қоғамдық тамақтандыру қызметтері – 0,9%, шаштараз қызметтері – 0,7%, спорт залдар қызметі 0,3% өскен.Жылдық мәнде күріш 8,2%, өрік 3,5%, жержаңғақ 2,2% арзандады. Кепкен жемістер мен жаңғақтар 2,3% қымбаттады.Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде еденге қоятын кір кептіргіш 35,8%, тоңазытқыш 21,2% арзандады. Ас үй құралдары, электродрель бағасының деңгейі 6,4%, электр шамы – 4,8%-ға өсті.

2024 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда аяқ киім жөндеу бойынша қызметтердің бағасы 9,4%-ға, тұрғын үй-жайларды күтіп ұстау және жөндеу бойынша қызметтердің бағасы 6,9%-ға өсті. Бассейн қызметтері 10,3%-ға, тренажер залдары 9,5%-ға қымбаттады.Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексінің көрсеткіші ай сайын есептеледі. Бақылаулар қызметтер мен тауарлардың тарифтері мен бағалары – барлығы 508 позиция бойынша жүргізіледі. Инфляция бойынша динамикалық өзгерістерді 2018 жылдан бастап көрсеткіштер қамтылған арнайы әзірленген интерактивті дашбордта көруге болады.2025 жылғы қаңтардан бастап тұтыну бағаларының индексін есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі – 40,0%, азық-түлік емес тауарлар – 30,3%, ақылы қызметтер 29,7% құрады.