• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 17:45

Павлодарда жылу-электр станциясында жұмысшы қаза тапты

20 рет
көрсетілді

Павлодарда орналасқан ЖЭС-2 кәсіпорнында тағы бір қайғылы жағдай орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

«2025 жылғы 23 қыркүйекте «Павлодарэнерго» АҚ ЖЭС-2 нысанында «Екібастұз» ЖК мердігер ұйымының жұмысшылары жұмыс барысында жазатайым оқиғаға тап болды. Нәтижесінде 1992 жылы туған 4-разрядты дәнекерлеуші қаза тапты. Қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», деді Павлодар облысы бойынша Еңбек мемлекеттік инспекциясы комитетінің өкілі Абылай Сабыров.

«Павлодарэнерго» АҚ-тың түпкілікті акционері – кәсіпкерлер Александр Клебанов пен Сергей Кан бақылауындағы Орталық Азия Электроэнергетикалық корпорациясы (ЦАЭК).