• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы Бүгін, 14:41

Елімізде +25 градусқа дейін күн жылиды

20 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 2025 жылғы 2-4 қазан аралығына арналған ауа-райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігінде солтүстік циклон ықпалынан жаңбыр мен қар, көктайғақ күтіледі. 2-3 қазанда республиканың шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерінде қатты жауын-шашын болжанады.

Тек батыс өңірлерде солтүстік-батыс антициклон жотасының ықпалымен жауын-шашынсыз ашық ауа райы күтіледі. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшеюі ықтимал.

«Батыс өңірлерде түнгі температура біртіндеп +2…+13°С-қа, күндіз +20…+25°С-қа дейін көтеріледі. Республиканың солтүстік-батысында түнде -1…-9°С аяз, күндіз +5…+20°С-тан +10…+23°С-қа дейін жылынады. Солтүстік аймақтарда түнде -7…+3°С, күндіз +3…+13°С күтіледі. Орталықта түнде -8…-2°С, күндіз +5…+18°С шамасында болады. Оңтүстік өңірлерде түнгі температура біртіндеп +2…+10°С-қа, күндіз +15…+25°С-қа дейін көтеріледі. Қалған аумақта температуралық фонға айтарлықтай өзгерістер күтілмейді», деп хабарлады «Қазгидромет».